Меню KDT

АСТАНА ҚАЛАСЫ

ӘКІМДІГІНІҢ

«№ 81 «ӘCЕМГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

«ЯСЛИ-САД № 81 «ӘCЕМГҮЛ»

АКИМАТА ГОРОДА АСТАНЫ

 
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзу салдары

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үлкен назарды, мемлекеттік сатып алу саласындағы білім мен дағдыларды талап етеді.

            Сонымен бірге, лауазымды тұлғалар заңнаманы білмеуіне және мемлекеттік сатып алу ресімдерін бұзу салдарына байланысты, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын осындай бұзушылықтарға жол берген біраз жағдайлар бар.

            Осыған байланысты, бұзушылықтар мен жауаптылық түрлерін қарастыруды ұсынамыз.

            Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғанына әкімшілік жауаптылық «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 207-бабымен қарастырылған.

            Мәселен, Кодекстің жоғарыда көрсетілген баптың бірінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптар белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу – лауазымды адамдарға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

            Аталған құқық бұзушылықтар субъектісі – конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

            Қарастырылып отырған баптың екінші бөлігі конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен, конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) жобасына ескертулерді уақтылы қарамау, сол сияқты мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукиондық құжаттаманың) мәтінін уақтылы орналастырмау – лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

            Аталған құқық бұзушылықтың лауазымды тұлғасы мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, Кодекстің 207-бабының үшінші бөлігімен және Қазақстан Республикасының Президентімен, тапсырыс берушімен немесе оның міндеттерін орындаушы тұлғамен айқындалатын бірінші басшыға на жауапты хатшыға немесе өзге де жауапты хатшының уәкілеттілігін жүзеге асыратын тұлғаға әкімшілік айыппұл           100 АЕК мөлшерінде салынатыны көзделген.

Конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмдi жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсті түрде ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) сұрау салуды жіберуі және өзге де әрекеттері – лауазымды адамдарға қарастырылып отырған Кодекстің төртінші бөлігімен 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.          

            Аталған құқық бұзушылыққа 100 АЕК мөлшерінде лауазымды тұлғаға айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

            Аталған бөліктерде лауазымды тұлғалар ретінде конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) мүшелері мен хатшысы түсіндіріледі.

            Бұдан басқан, Кодекстің 207-бабының бесінші бөлігі әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлеріне (бiрлесiп орындаушыларына) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –      лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіні қарастырылған.

            Аталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының Президентімен, тапсырыс берушімен немесе оның міндеттерін орындаушы тұлғамен айқындалатын бірінші басшыға на жауапты хатшыға немесе өзге де жауапты хатшының уәкілеттілігін жүзеге асыратын тұлға болып табылады.

            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу –      мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

            Кодекстің 207-бабының жетінші бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттардың салыстырмалы мәнiн конкурстық баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –      лауазымды адамдарға 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетінін қарастырады.

            Бұл жағдайда, лауазымдық тұлғалар конкурстық комиссияның төрағасы және оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшелері танылады.

            Әкімшілік жауаптылық әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердiгерлерін (бiрлесiп орындаушыларын) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейді деп тану – лауазымды адамдарға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға алып келетіні қарастырылады.

            «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу – лауазымды адамдарға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (тоғызыншы бөлігі).

            Бұл бұзушылыққа мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға жауаптылықты алады.

            Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған, сараптама комиссиясының не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды дайындауы – 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл Кодекстің 207-бабының оныншы бөлігімен қарастырылған.

            Кодектінің 207-бабы он бірінші бөлігіне сәйкес, мынадай:

1) тапсырыс беруші өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған, оны орындау барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіні немесе нәтижесінде осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік берген осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені анықталған;

2) өнiм берушi өзiмен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi – лауазымды адамдарға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.

Бұл бұзушылыққа мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға жауаптылықты алады.

Бұзушылықтардың ерекше кездесетін түрі Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру – лауазымды адамдарға 100 АЕК  мөлшерiнде айыппұл Кодекстің 207-бабы он екінші бөлігінде көзделген.

Бұл бұзушылыққа мемлекеттік сатып алуды ресімдерін ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудың бірінші басшысы, тапсырыс беруші немесе оның міндетін атқарушы тұлға жауаптылықты алады.

            Және, соңғысы, Кодекстің 207-бабы он үшінші бөлігінде конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамаларында конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін егжей-тегжейлі сипатталуын, оның ішінде оның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсетпеу – лауазымды адамдарға 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

            Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік сатып алу саласында заңнама нормаларын бұзуды және тиістінше әкімшілік жауаптылықты болдырмау барысында, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекіту сатысында шешім қабылдау немесе ақпараттық орналастыру кезінде, бағалы ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) алдын ала талқылау аясында түскен конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулерді қарастыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттамаға сәйкес келмеуін тану туралы шешім қабылдаған кезде, шартты тікелей жасау жолымен бір дереккөз тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде және қарастырылған Кодекстің он бірінші бабымен көзделген жағдайларда шарттарды орындау сатысында аса назарға алу ұсынылады.

           

 

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті камералды бақылау

бөлімінің басшысы                                      Исахметов Талгат Айдарбекович

 

 

Астана қаласы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті Жоспарлау,

талдау және есептілік

бөлімінің басшысы                                                          Байкуанышов А.А.



Просмотров: 348

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Наверх

НАВЕРХ