Меню KDT

АСТАНА ҚАЛАСЫ

ӘКІМДІГІНІҢ

«№ 81 «ӘCЕМГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

«ЯСЛИ-САД № 81 «ӘCЕМГҮЛ»

АКИМАТА ГОРОДА АСТАНЫ

 
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Блог

Ата-аналарға арналған кеңес

Баланы жазалаған дұрыс па?

       БАЛА — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді.

Кейде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбіне істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау — өте қиын нәрсе: ол тәрбилеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді. Сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып, дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз.
     Балаға дұрыс, бұрысты үйретіп, жазалау керек десек, бір жағынан, ол баланы қорлау, кемсіту сияқты көрінеді. Жазалауда бала өз қателігін түсініп, жасаған жаман қылығы үшін ата-анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс. Бірақ, бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс.

Жазалаудан бұрын қателерді түзетуде, ең әуелі, мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып, жекудің пайдасынан зияны басым болуы мүмкін. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі немесе құшақтап, арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі балаға оң әсерін тигізеді. Бала үлкендердің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді.

Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалап маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психикалық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде. Мысалы, бес жасар қыз дүкенге барғанда қалтасына ұрлап бір кішкене зат салып алды делік. Үйге келгенде сізге көрсетеді. Бұндай жағдайда не істеу керек? Шара қолданып, жазалау керек пе? Себебе неде?

Жалпы, балалардың мұндай әрекетке баруына үш себеп бар:

  • біріншіден, өнегелі көзқарастың жеткіліксіздігі (мысалы, бала өзінікі, біреудікі, жақсы, жаман түсініктерін айыра алмайды);
  • екіншіден, байсалды психологиялық қанағатсыздық болуы мүмкін (баланың ішкі қабылдаулары т.б.);
  • үшіншіден, ерік дамуының жеткіліксіздігі (әлгіндей әрекеттерге еріксіз барады).

    Осындай жағдайларда баланы қорқытып, жазалауға болмайды. Өйткені жазалау әрекеті баланың бойында қорқыныш сезімін туғызуы мүмкін. Керісінше, ұрлаған затын қайтару, баланы ашық болуға шақыру, жәбірленушінің орнына өзін қоя білуді үйрету (6 жастан бастап балаларда ұят сезімі қалыптасады) керек. Ұрлық жасауға барған әрекетінің себебін тауып, мәселені шешуге тырысқаныңыз дұрыс. Балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңізді білдіру аса маңызды.

 

Психолог:                  Кенжаева У.Т.

 



Просмотров: 129

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Наверх

НАВЕРХ