Меню KDT

АСТАНА ҚАЛАСЫ

ӘКІМДІГІНІҢ

«№ 81 «ӘCЕМГҮЛ» БАЛАБАҚШАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

«ЯСЛИ-САД № 81 «ӘCЕМГҮЛ»

АКИМАТА ГОРОДА АСТАНЫ

 
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Жаңалықтар

Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы!

Ұрпақ тәрбиесі –ұлт болашағы!
Өркениеттің өлшемі саналатын білімнің бәсекесі қыза түскен мына заманда тәрбие сапасын жақсарту нық қадам басудың алғы шарты. Демек, мұғаліммен қатар тәрбиешінің де алар орны, білім саласында рөлі алдыңғы орында.
Мамандығына мақтанышпен қарай алу артылған жауапкершілік жүгін жете түсіну біздің міндетіміз.
Бүгінгі дәуір жаңаша көзқарастың жаңашылдықпен ізденістің кезеңі. Келешек ұрпаққа дұрыс жол сілтеу тағылымды тәрбие беру өзекті мәселе. Өзім басшылық жасайтын Астана қаласындағы №81«Әсемгүл» балабақшасында жоғары білімді 16 тәжірбиелі және екі жас маман жұмыс атқарады. 22 жыл еңбек жолымда балабақша табылдырығын аттаған қаншама бүлдіршінге тағылым-тәрбие беріп, өзімнен кейінгі жас тәрбиешілерге жол көрсетіп келемін. Осы еңбегім бағаланып «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атандым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Осы жылдар ішінде түйгенім ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу біздің басты міндеміз. .
«Ұлт болсаң бесігіңді түзе» деп ата-бабаларымыздың айтқан сөздері менің ұстанымым. Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне аса мән беру, болашақтың кілті - өсіп келе жатқан балапандарымыздың қолында. Баланы тәрбиелеу, үйрету ол білікті, білімді тәрбиешінің қолынан келетін ұлы іс. Қазіргі заман тәрбиеші қандай болуы керек?
Қазіргі заман тәрбиешісі- креативті, жан-жақты білімді, тәжірибелі, ұстамды, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын педагог. Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болып, оқу-тәрбие жұмыстарына жаңа технологиялар мен іс-тәжірибелерді енгізіп отыратын. Ұйымдастырылған іс - әрекетін шағын топтық және топтық түрлерін ойын арқылы балаларды қызықтыра білетін,әр баламен жеке жұмыс жүргізіп балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөлетін ізденістің адамы болуы шарт . Педагогикалық үрдісті болжап, жобалап құрады, диагностика нәтижелері негізінде құрастырады. Жыл сайын республикалық, қалалық семинарларға, оқыту курстарына қатысып біліктілігін жетілдіруде атсалысады.
Болашаққа көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әр менің алдымда отырған тәрбиеші мейірімді болуы баланың өсуіне ықпал етеді.
Осындай тәрбиешілерді тәрбиелеу ол ең бірінші басшының жұмысы деп ойлаймын. Жаңа технологияларды балабақшаға енгізуде «Смарт сәби» жобасын енгізсек деген үлкен жоспарымыз бар.
Ұжым болып жұмылып , көздеген мақсатымыз балаларды қазақ халқымыздың ұлттық құдылықтарына, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу. Ұлағатты ұстаздық жолда әріптестеріме шығармашылық шабыт, әр күндеріне қуаныш тілеймін. Ертеңгі елдің болашағы ұл-қыздарымыздың тұлға болып қалыптасуы жолдында бірлесе еңбек етейік!



Просмотров: 58

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Наверх

НАВЕРХ